Қазақстандық студент халықаралық байқаудың қола жүлдегері атанды

16.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Колледждің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті Рысхан Ақмарал Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өткен халықаралық жарыста III орын алды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Байқау «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылып, халықаралық достық кездесу аясында өтті. Оған Мажарстан, Италия, Чехия, Қазақстан және Ұлыбритания елдерінің қатысушылары қатысты. Жарыс барысында қатысушылар кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және дайындық деңгейін көрсетті. Рысхан Ақмарал теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, тапсырмаларды сапалы әрі уақытында орындап, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Айта кетейік, Ақмарал бұған дейін Түркістан облыстық чемпионатында осы құзыреттілік бойынша I орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған еді. Сонымен қатар ол WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатының алтын медаль иегері және RegionSkills 2024–2025 чемпионаттарының жеңімпазы. Қазіргі уақытта студент WorldSkills Shanghai 2026 халықаралық чемпионатына дайындалып жатыр. 

Еске салсақ Қытай университеттеріне грантқа ұсынылған 102 қазақстандықтың тізімі жарияланған еді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью