Қазақстандық студент Қытайдағы BRICS чемпионатында қола медаль иеленді

07.11.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.

Қытай Халық Республикасында өткен BRICS National Vocational Skills Championships халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында "Деректерді талдау және визуализация" құзыреттілігі бойынша қазақстандық студент жоғары нәтиже көрсетті.

"Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Габбас Сағыныш әлемдік деңгейдегі додада ІІІ орын иеленіп, қола медаль жеңіп алды", - деп жазылған хабарламада.

Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан.

Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша чемпионаттың штаб-пәтері Маңғыстау энергетикалық колледжін "Болашақ технологиялар мен дағдылар" атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Сонымен қатар, тараптар "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарланып отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью