Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстандықтарға АҚШ-тың студенттік визасын беруден бас тарту жағдайлары көбейгенін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Жалпы алғанда, мұндай үрдіс (Қазақстаннан АҚШ-қа түсетін студенттер санының азаюы) байқалып отыр. Бұл ең алдымен талапкерлер санына емес, визалық шектеулерге байланысты. Тіпті “Болашақ” бағдарламасы аясында біздің конкурстық іріктеуден өтіп, шақырту алғандардың шамамен 30%-ы визаға өтініш берген кезде бас тартуға тап болады», – деді Нұрбек сейсенбі күні үкіметтегі брифингте.
Министрдің айтуынша, мұндай жағдайда министрлік студенттерді басқа университеттерге немесе өзге елдерге бағыттауға мәжбүр.
Бұған дейін Джули Стаффт Қазақстанға және тағы 74 елге қатысты визалық шектеулер туралы пікір білдіріп, бұл шараның уақытша екенін айтқан еді.