Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

30.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазіргі уақытта ҚТӨ тізілімі цифрлық жүйесіне 4 995-тен астам кәсіпорын тіркелген. Жалпы, жүйеге тіркелу бойынша 10 377 өтініш түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша:
• ҚТӨ тізіліміне 2 332 өтініш бойынша 519 субъект енгізілген;
• Бұл ретте 2 290 өтініш бойынша 396 субъект қабылданбаған.
Сонымен қатар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-на (ҚР Қаржы министрлігі) толықтай өз өнімін өндіретін 4 389 кәсіпорын туралы мәліметтер жолданды.
Сонымен бірге индустриялық сертификаттар негізінде бұған дейін өз мәртебесін растаған 1 924 кәсіпорын автоматты түрде ҚТӨ тізіліміне енгізілген.
Еске сала кетейік, ҚТӨ тізілімін енгізу арқылы деректерді біріктіру, «жалған өндірушілерді» анықтау, ашықтықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету қамтамасыз етіледі. ҚТӨ тізіліміне енгізу механизмі төрт негізгі кезеңнен тұрады: өтінішті ақпараттық жүйе арқылы беру, деректердің дұрыстығын тексеру, өндірісті бағалау және қатысушылардың өндірістік қызметінің адалдығын бақылау.
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін толықтыру жұмыстары жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.   

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью