Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Ролан Гарросты жеңіспен бастады

31.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін турнирдің 1/32 финалында 17 жастағы қазақстандық теннисші Ұлыбритания өкілі Марк Кебанмен кездесті.

1 сағат 37 минутқа созылған матчта Заңғар Нұрланұлы қарсыласын екі сетте жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Кездесу 6:3, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Сенсациялық жеңіліс: Елена Рыбакина  «Ролан Гарростың» екінші айналымынан аса алмады

Енді отандасымыз 1/16 финалда жапониялық Мотохару Абэ мен америкалық Агасси Рашер арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Естеріңізге салайық, ересектер арасында «Ролан Гаррос» турнирінде Қазақстан атынан сынға түскен  Елена Рыбакина, Александр Бублик, Юлия Путинцева және Александр Шевченко жарыс жолын аяқтаған еді. Әзірге Анна Данилина ғана жекелей ойында өнер көрсетіп жатыр. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью