Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Индиан-Уэллс WTA 1000 жарысының үшінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 43-ракеткасы, америкалық Хейли Баптист немесе рейтингіде 108-орындағы Эмилиана Арангоның қай жеңгенімен ойнайды.
Биыл Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанған Е.Рыбакинаның Дубайдағы турнирдің үшінші айналымында денсаулығына байланысты матчты жалғастырудан бас тартқаны белгілі. Теннис мамандары қазақстандық теннисшіні фавориттердің қатарына қосып отыр. Тек бабында болса, болғаны. Оның үстіне Е.Рыбакинаның 2023 жылы Индиан-Уэллсте үздік шыққаны белгілі.
Әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингіде 106-орындағы испаниялық Паула Бадосамен кездеседі. П.Бадоса – рейтингіде құлдырап кеткенімен, мықты теннисшілердің бірі. Сондықтан бұл матч Ю.Путинцеваға оңайға түспейді.
Ерлер арасында Индиан-Уэллс мастерс турнирінде Александр Бублик 10-ракетка ретінде тіркелген. Ол екінші айналымда әлемнің 76-ракеткасы, франциялық Артур Казо немесе рейтингіде 145-сатыдағы америкалық Майкл Чжэннің біреуімен шеберлік байқасады. А.Бублик өз деңгейінде ойнаса, біразға дейін баруы ықтимал.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 88-ракеткасы Александр Шевченко бастапқы кездесуін іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен өткізеді. А.Шевченко екінші айналымға өтсе, әлемнің 13-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудқа тап болады.
Индиан-Уэллс жарысы 4-15 наурыз аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның WTA чемпиондық кестесінде көш бастап келе жатқанын жазған болатынбыз.