Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, турнирдің топтық кезеңінде қазақстандық командалар екі жеңіске қол жеткізді.
Әйелдер құрамасының нәтижелері:
Қазақстан – Моңғолия 3:0
Зәуреш Ақашева – Буренджаргал Санджаа 3:0
Сарвиноз Миркадирова – Болор-Эрдэнэ Батмөнх 3:1
Әнел Бақыт – Эгшиглен Бат-Эрдэнэ 3:0
Ерлер құрамасының нәтижелері:
Қазақстан – Мысыр 3:2
Кирилл Герасименко – Омар Ассар 3:0
Алан Құрманғалиев – Мохамед Эльбеали 3:1
Ескендір Харки – Юсеф Абделазиз 0:3
Алан Құрманғалиев – Омар Ассар 2:3
Кирилл Герасименко – Мохамед Эльбеали 3:1
30 сәуір күні ерлер құрамасы Таиланд командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады. Әйелдер құрамасы Чехия командасымен 21:00-де ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Қазақстанның ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға есе жіберген болатын.