Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қазақстан каратэ федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл тізімде бірден үш қазақстандық спортшы өз салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр.
Атап айтқанда, Мөлдір Жаңбырбай (50 кг), Әсел Қанай (61 кг) және Софья Берульцева (+68 кг) үздік нәтиже көрсетті.
Мөлдір Жаңбырбай жүктілігіне байланысты бір жылға жуық уақыт бойы жарыстарға қатыспаса да, ұпай саны бойынша бірінші орында тұр.
Әсел Қанай биылғы Премьер-лига турнирлерінен тұрақты түрде жүлде алып келеді.
Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева қатарынан үш Премьер-лига додасында топ жарып, Grand Winner атағын алуға бір қадам жақындады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэден Қазақстан құрамасы Премьер-лига турнирін төрт медальмен қорытындылағанын жазған болатынбыз.