Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстандық спортшылар С тобында Бразилия, Хорватия және Ирак құрамаларымен кездесіп, екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты.
1/8 финалда отандастарымыз Польша құрамасын 3:0 есебімен сенімді жеңсе, ширек финалда Руанда құрамасын да 3:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда әлемнің ең мықты командаларының бірі – Ираннан 0:3 есебімен жеңілді.
Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде Қазақстан құрамасы Бразилияны 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Айта кетері, волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты 10–17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Әлемдік додаға 16 ұлттық құрама қатысты.