Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
15 қазанда 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық Темірлан Тұрдақын финалда ирандық Ясин Али Яздиге 0:4 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Wrestling Federation (@kazwrestling_official)
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Арсен Жұма үшінші орын үшін өткен белдесуде қырғызстандық Барсбек Асанқожоевты жеңді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Wrestling Federation (@kazwrestling_official)
Аса ауыр салмақта сынға түскен Джохар Узаров та Армения өкілінен басым түсіп, қола жүлдеге ие болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Wrestling Federation (@kazwrestling_official)
Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын бес медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.
Бір күн бұрын Айбек Айтбеков (60 келі) пен Юсуф Ашрапов (72 келі) әлем чемпионы атанған еді.
Лас-Вегастағы жарыс бүгін түнде әйелдер күресінен өтетін белдесулермен жалғасады.