Қазақстандық жас бүркіт 1 400 шақырымды бағындырды: оны GPS арқылы бақылап отыр

02.11.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Тұңғыш есімді жас дала қыраны жылы жаққа алғаш рет жалғыз ұшып кетті. Бірнеше айлық балапан осы уақыт ішінде бірнеше ел аумағынан өтіп, шамамен 1 400 шақырымды артта қалдырған, деп хабарлайды Tengri Travel.

Құсты қалай бақылайды?

Құс қозғалысын "Алтын Емел" ұлттық паркінің мамандары қадағалап отыр.

"Бар болғаны бірнеше айлық, бірақ үш елді артта қалдырды. Жазда ол ұядағы ақ мамық балапан еді. 20 шілдеде "Алтын-Емел" МҰТП Зоология институтының мамандарымен бірігіп, оған күн батареясымен жұмыс істейтін GPS-трекер тақты", - деп хабарлады ұлттық парк.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (@altynemel_np)

Ұшу бағыты

Ұлттық парктің мәліметінше, дала қыраны Қазақстан аумағынан шығып, Қырғызстанды басып өтіп, Өзбекстанның Самарқанд қаласына жеткен.

"Алтын-Емел → Қонаев → Алматы → Бішкек → Тараз → Шымкент → Самарқанд. Қазір Тұңғыш Өзбекстанда, Қашқадария облысында, Қарши маңында. Артта шамамен 1 400 шақырым жол", - деп атап өтті ұлттық парк.

Ұлттық парк өкілдері дала қыран Қызыл кітапқа енгенін еске салды. GPS-трекер мәліметтері мамандарға құстарға қауіп төнуі мүмкін учаскелерді анықтауға және оларды қорғау үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

Тұңғышты бақылау ол қыстайтын жеріне жеткенше жалғасатыны нақтыланды.

Бұған дейін Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы видеоға түсіп қалған болатын.

Тағы оқыңыз: Шарын ұлттық паркінің сирек қонағы видеоға түсіп қалды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью