Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бұл жөнінде сол елдің белгілі басылымы — Mundo Deportivo мәлім етті.
— Испаниялық балалар мен жасөспірімдер футболы халықаралық деңгейде таланттардың магниті ретінде қала береді. Қазір назар аудара бастаған есімнің бірі — Карим Мендиканов. Қазақстанда 2011 жылы дүниеге келген жас футболшы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойып, алдағы маусымда клубқа қосылады, — деп жазылған порталда.
Басылымның хабарлауынша, қазақстандық футболшы Испанияға 2022 жылы келген. Сол уақыттан бері каталондық футбол мектебінен тәлім алып келеді. Өткен жылдан бері «Серданьола» командасы сапында каталондық лигада ойын көрсетті. Нәтижесінде өзінің қабілет деңгейі жоғары екенін дәлелдеп, жоғары сапалы ойын шеберлігімен көпшілік көзіне түсті.
Ал биыл «Сан-Кугат» сапында маңызды футболшылар қатарынан орын ала білді.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық «Ақтөбе» командасы словакиялық маман Штефан Тарковичпен келісімшартқа қол қойды.