Қазақстандық жас теннисші Үндістанда қатарынан екі турнирде топ жарды

12.12.2025

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Альбина алдымен тағы бір қазақстандық Сәтима Төрегенмен бірге жұптық сында Нью-Дели додасында үздік шықты.

Онда қазақстандық дуэт финалда ресейліктер Ксения Ахрамеева – Ева Колядинаны 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Альбина Кәкенова жекелей сында Пуне қаласында өткен жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Альбина сенбі күні соңғы бәсекеде үндістандық Диа Рамешті 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью