Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Жақыпхан Махмұтовтың туыстары ағасының жатқан жерін 82 жылдан кейін тауып алды. Аға сержант 1944 жылы мамыр айында Молдованы азат ету кезінде оққа ұшқан. Sputnik Молдоваға сұхбат берген туыстары оның жатқан жерін қалай тауып алғанын айтып берді.
© Sputnik Молдова Якуб Махмутов
Якуб Махмутов
Атын “Якуб” деп жазған
Роза Ескендірова тәтесінің жылда жылап отырғанын көріп өсті. Оның әкесі де соғыста хабар-ошарсыз кеткен інісін жиі еске алып отыратын. Одан естелікке де ештеңе қалмады.
"Мен жалғыз фотосуретін жиенімнің үйінен тауып алдым. Ағам жас кезінде құжатқа түскен сияқты. Дәл осы фотодан іздеу шаралары басталды", - деп еске алады Ескендірова.
Осыдан 11 жыл бұрын Роза іздеу жұмыстарына білек сыбана кіріскен. Біраз қиындық та болды.
"Ағамның шын аты - Жақыпхан. Ал құжаттарда "Якуб" деп жазылып кеткен. Мұрағат құжаттарында да солай екен. Осыны білгеннен кейін ғана "Якуб" атымен іздей бастадық", - дейді ол.
© Sputnik МолдоваРоза Ескендірова - Ұлы Отан соғысы кезінде Молдавада қаза тапқан жауынгердің жиені
Роза Ескендірова - Ұлы Отан соғысы кезінде Молдавада қаза тапқан жауынгердің жиені
Алғашқы мәліметтер
Бас кезінде туыстары Жақыпхан әскерге Қазақстаннан шақырылды деп ойлаған. Ал Роза нақты мәлімет тапқан. Оны Қазақстаннан емес, Ташкент облысынан алып кеткен. Артынан Жақыпханның хабар-ошарсыз кеткен ауданы да анықталды. Бірақ оны да кезінде қатемен жазып қойыпты.
"Мен ол ауылды "Кашкино" деп іздегенмін. Сөйтсе, Молдовада ондай елді мекен жоқ. Интернетті тағы ақтара бастадым. Сол кезде Кошница ауылы үшін болған кескілескен ұрыстар туралы ақпарат таптым. 135-ші танк бригадасы қорғаған екен", — дейді Роза.
Осыдан кейін ол Молдовадағы іздеу қозғалысына хат жазды.
"Мен хатты түнгі сағат үш жарымның кезінде жібердім. Он екі сағаттан кейін жауап келді. Осылайша, 80 жыл бойы іздеп келіп, бір тәулікке де толмайтын уақытта таптық қой", — деп атап көрсетті Искандирова.
Мұрағат құжаттары не дейді
РФ Қорғаныс министрлігі орталық мұрағатының мәліметіне сәйкес, 1915 жылы туған Якуб Махмұтұлы Махмұтов Ташкент облысының Орджоникидзе аудандық әскери комиссариатымен шақырылған болатын.
135-ші Константинов танк бригадасында үшінші батальонның Т-34 танк қаруының командирі болды. 1944 жылы 20 мамырда Кошница плацдармы үшін болған кескілескен ұрыстар кезінде аға сержант Махмұтов хабар-ошарсыз кетті. Молдованың іздеу отрядтары осы құжаттарды зерделеп, Якуб Махмутовтың дәл осы ауылдың маңайында қаза тапқанын растады.
Ал сол жердегі мемориалдық кешенді жаңарту кезінде қазақстандық жауынгердің есімі бауырластар зиратындағы гранит тақтаға жазылды. Роза Искандерова және оның туыстары ағасының жатқан жерін тапқанына қатты қуанып отыр. Ендігі мақсат-сол жерге барып, құран бағыштау.