Қазақстандық жұп батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының финалына шықты

27.06.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер арасында синхронды секіру бағдарламасында Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева ақтық сынға жолдама алды.

Сондай-ақ Ерлан Тасмағамбетов жекелей сайыстың алғашқы іріктеуінде сәтті өнер көрсетіп, екінші кезеңге өтті.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы финал ертең, 28 маусымда өтеді.

Бұған дейін Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью