Қазақстандық жүргізуші куәлігін сатып алу әрекетінен кейін ақшасыз және құрбысыз қалды

24.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ақтөбе облысының тұрғыны танысы арқылы жүргізуші куәлігін жасатпақ болып, ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Не болды?

Полиция мәліметінше, 27 жастағы ер адам танысына 300 мың теңге берген. Ол еш қиындықсыз "В" және "С" санаттарындағы жүргізуші куәлігін рәсімдеп беруге уәде берген.

Алайда ақшаны алғаннан кейін әйел уәдесін орындамаған. Оған қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция деректері бойынша, күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстандықтар "таныстар арқылы" жүргізуші куәлігін алып береміз деген алдауға жиі ілініп жүр. Мәселен, жыл басынан бері тек Ақтөбе облысының өзінде осындай 56 дерек тіркелген.

Полиция жүргізуші куәлігін тек заңды жолмен алуға болатынын тағы да ескертті. Атап айтқанда - оқудан өтіп, теориялық және практикалық емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін және құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы рәсімдеу қажет.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью