Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ресей үкіметі жүргізушілердің жекелеген санаты үшін елде уақытша болу мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Ресей үкіметі жүргізушілердің жекелеген санаты үшін елде уақытша болу мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengri Auto.
ТМД елдері мен Грузиядан келген кәсіби жүргізушілер үшін елде уақытша болу мерзімі жылына 180 күнге дейін ұзартылды.
Анықтама: Кәсіби жүргізушілер қатарына фура (алыс қашықтыққа қатынайтын жүргізушілер), газель, басқа да жүк көліктері мен коммерциялық көлік жүргізушілері кіреді.
Алайда, бұл ереже аталған шетелдік азаматтардың елге келу және болу мақсатында белгіленген тәртіппен өтініш берген жағдайында ғана қолданылады.
Қаулы 2026 жылдың 30 маусымынан бастап күшіне енеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейде болу мерзімі елге неше рет кіріп-шыққанына қарамастан, күнтізбелік жыл ішінде 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылған болатын.
Бұл талаптар халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілерге де қатысты болған еді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу