Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Астанада өтіп жатқан жүзуден әлем кубогының кезеңінде қазақстандық спортшы Глеб Коваленя өзінің таңертеңгі сессияда тіркеген нәтижесін жақсартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыстың екінші күніндегі финалдық сайыстарда Глеб Коваленя 50 метрге еркін стильде жүзуден 21,22 секунд нәтиже көрсетіп, бесінші орын алды. Осылайша ол таңертеңгі іріктеу кезеңіндегі 21,31 секундтық көрсеткішін жаңартты.
100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин 51,32 секунд нәтижемен жетінші орынға ие болды. Ал Максим Сказобцов осы қашықтықты 51,57 секундта жүзіп өтіп, тоғызыншы орынға тұрақтады.
200 метрге брасс әдісімен жүзуде Айбат Мырзамұратов 2 минут 7,34 секунд нәтижемен сегізінші орын алды. 100 метрге кешенді жүзуде Егор Попов 54,68 секунд көрсеткішпен тоғызыншы сатыдан көрінді.
Әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 59,66 секунд нәтиже тіркеп, оныншы орынға ие болды.