Қазақстандыққа 2,3 миллион теңге зейнетақы есептелді

12.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жетісу облысының прокуратурасы елден тыс жерге көшкенімен, Қазақстан азаматтығын сақтап қалған Көксу ауданы тұрғынының зейнетақы төлемдерін қайта қалпына келтірді. Бұл туралы қадағалау органының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық әйел азаматтығын өзгертпегеніне қарамастан, республикадан кеткеннен кейін оған зейнетақы төлеу тоқтатылған. Прокуратура араласқан соң төлемдер қайта жалғасты. Оған 2,3 миллион теңгеден аса қаражат есептелген.

Жуырда Конституциялық сот шетелге тұрақты тұруға көшкен Қазақстан азаматтарының зейнетақымен қамтылуына қатысты нормативтік қаулы қабылдады.

Қаулыда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты зейнетақыны тағайындау және алу құқығын іске асыру кезінде Қазақстан азаматына ел аумағында тұрақты тұру талабы қойылмайтыны көрсетілген. Ол үшін заңда көзделген өзге талаптар сақталуға тиіс.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью