Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қостанай облысының тұрғыны цифрлық активтермен заңсыз операциялар жасау арқылы тапқан 2 миллиард теңгеге жуық қаражатынан айырылды. Сонымен қатар сот оны мүлкін тәркілеп, екі жыл бас бостандығынан айыру түрінде жазадады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қостанай облысының прокуратурасы мәліметінше, 14 шілдеде 28 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Ол цифрлық активтердің заңсыз айналымы және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) бойынша кінәлі деп танылды.
Криптовалютаны рұқсатсыз саудалағанТергеу мәліметі бойынша, сотталушы 2020-2024 жылдар аралығында тиісті рұқсаты болмаса да, Binance платформасында P2P форматында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді заңсыз сатып алу-сатуды ұйымдастырған.
Қаржылық операцияларды жүргізу үшін ол өзінің, сондай-ақ туыстары мен басқа да тұлғалардың атына ашылған банктік шоттарды пайдаланған.
Заңсыз табыс 1,9 миллиард теңгеден асқанТергеу барысында ер адам заңсыз әрекеттері нәтижесінде 1,9 миллиард теңгеден астам табыс тапқаны анықталды. Ол бұл қаражаттың шығу төркінін жасыру мақсатында ақшаны екінші деңгейлі банктердегі депозиттерге салып отырған.
Прокуратура талап-арызы бойынша сот сотталушыдан заңсыз тапқан барлық табысын - 1,9 миллиард теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Ақша, автокөліктер мен криптовалюта тәркілендіЗаңсыз табысты өндіріп алумен қатар, сот 13,4 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты, екі жеңіл автокөлікті және құны шамамен 7,9 мың доллар болатын цифрлық активтерді тәркіледі.
Сонымен қатар ер адам жеті жыл мерзімге цифрлық активтерді шығару және олардың айналымымен, сондай-ақ цифрлық майнингпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана бойынша Экономикалық тергеу департаменті Украинаның үш азаматына халықаралық іздеу жариялаған болатын. Шетелдік БАҚ олардың екеуінің есімін айналымы шамамен 1 миллиард доллар болатын онлайн-казиноның заңсыз жұмысына қатысты істі тергеумен байланыстырған еді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу