Қазақстандықтар АИ 95, АИ 98 бензиніне жаппай шағымдануда Энергетика министрі не деп жауап берді

25.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Энергетика министрлігі көлік иелерінің жанармай құйғаннан кейін туындаған ақауларға қатысты көптеген шағымынан соң АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасын тексеріп жатыр. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтегі брифингте журналистер министрге көлік иелерінің шағымдарын жеткізіп, тексеру жүргізілетін-жүргізілмейтінін сұрады. Оладың айтуынша, АИ-95 және АИ-98 бензинін құйғаннан кейін қозғалтқышта проблемалар пайда болған.

"Шынында да, қазір әлеуметтік желілерде бұл тақырып өткір көтеріліп жатыр. Кеше менің орынбасарым, вице-министр Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасарымен бірге Павлодар қаласына жіберілді. Олар қазір Павлодар зауытын отын сапасы бойынша заңбұзушылықтардың бар-жоғына қатысты тексеріп жатыр", - деді Ақкенженов.

Сондай-ақ Ақкенженов бензиннің жаңа партиясы Атырау мұнай өңдеу зауытынан келеді деп күтіліп отырғанын хабарлады.

"Өз тарапымнан 10–12 күн шыдау қажет екенін айтқым келеді, бензиннің жаңа партиясы жолда келе жатыр, атап айтқанда Атырау мұнай өңдеу зауытынан. Біз өте қысқа мерзімде тиісті сапаны қамтамасыз етеміз", - деді министр.

Бұл ретте ол ықтимал іркілістің нақты себебін атаған жоқ.

"Павлодар зауыты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына тиесілі екенін білесіздер, сондықтан бұл отынды шығаратын компания дәл солар. Біз қазір бұл мәселені қарастырып, бақылауда ұстап отырмыз", -деп мәлімдеді Ақкенженов.

Министр қазіргі уақытта отын сапасына қатысты туындаған мәселелердің көзі анықталып жатқанын атап өтті.

"Жанармай құю станцияларының желілері мұнай өңдеу зауытына сілтейді, ал мұнай өңдеу зауыты бұл жанармай құю станциялары желісінен болуы мүмкін дейді. Бәрін анықтап, жақын арада нүктесін қоямыз", - деп түйіндеді ол.

Tengri Auto сауал жолдады

Tengri Auto редакциясы да көлік иелерінің шағымдану себептерін анықтау, қандай тексерулер жүргізіліп жатқанын білу, АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасында расымен де ақаулар бар-жоғын және сапасыз отыннан зардап шеккен жүргізушілер алдында кім жауап беретінін анықтау үшін Энергетика министрлігі мен ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне өз сауалдарын жолдады.

Ведомстволардың жауаптары мен тексеру нәтижелері қосымша жарияланады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью