Қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ СІМ Ресейдегі оқиғаға қатысты

28.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Оның сөзінше, 2026 жылғы 26 наурызда Ленинград облысының Усть-Луга вахталық ауылында тұрмыстық сипаттағы оқиға болып, оған Қазақстан азаматтары да қатысқан. 

— Жағдайды жан-жақты және объективті анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тиісті процессуалдық шаралар жүргізіп, қақтығысқа қатысушылар ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Қолдағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан азаматтары арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатуды қажет ететін тұлғалар жоқ. Оқиға орнындағы жағдай тұрақты және тиісті қызметтердің бақылауында, — деді Жетібаев.

ҚР СІМ ресми өкілі атап өткендей, Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы қызметкерлері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары өкілдерімен тұрақты байланыста.

— Бас консул оқиға орнына барып, Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп, барлық жағдайды нақтылап отыр, — деді ол.

Еске салсақ, кеше әлеуметтік желілерде Ресейдегі құрылыс нысандарының бірінде болған жаппай төбелестің видеосы қызу талқыға түсті. Бұлардың арасында Қазақстан азаматтары болуы мүмкін екені айтылды. Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрлігі шұғыл тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью