Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
2026 жылдың алғашқы үш айында банктерге автонесие алуға түскен өтінімдер саны өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға азайды: көлікті қарызға алғысы келетіндер қатары сиреген, деп хабарлайды Tengri Auto Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасап.
2026 жылдың алғашқы үш айында банктерге автонесие алуға түскен өтінімдер саны өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға азайды: көлікті қарызға алғысы келетіндер қатары сиреген, деп хабарлайды Tengri Auto Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасап.
Несие мөлшерлемесі өстіМамандардың пікірінше, автонесие мөлшерлемесінің өткен жылғы 14,8 пайыздан 2026 жылы 24,3 пайызға дейін көтерілуі басты себептердің бірі болды.
Мысалы, бұған дейін қазақстандықтар 10 миллион теңге тұратын көлік үшін 5 жылда шамамен 4,3 миллион теңге артық төлесе, қазір мөлшерлеме айтарлықтай жоғарылап, соған байланысты сұраныс та төмендеді.
Банктер талапты күшейтті"Өтінімдер санының қысқаруы аясында жаңадан берілген автонесиелер көлемі 17,7 пайызға азайып, 397,7 миллиард теңгені құрады. Бұл ретте төмендеу көрсеткіші жалпы бөлшек сауда нарығына қарағанда (-4,4 пайыз) әлдеқайда көп болды, бұл автонесие беру қарқынының едәуір бәсеңдегенін білдіредіі", - деп атап өтті мамандар.
ҚҚҚ мәліметтері бойынша, автонесие өтінімдерін мақұлдау деңгейі 15,4 пайызды құрады, бұл бөлшек несиелеудің орташа көрсеткішінен (21,8 пайыз) айтарлықтай төмен. Бұл банктердің қарыз алушыларды бағалауда әлі де қатаң тәсіл қолданып отырғанын аңғартады.
Есепте кейінгі бірнеше жылда автонесие нарығы өте жылдам өскені айтылған. Көлікті несиеге алғысы келген көптеген қазақстандық бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгерген.
Сондықтан қазір жаңа клиенттер ағыны біртіндеп азайып келеді.
Қазақстандықтар 10 миллион теңгеден қымбат көліктерді ала бастады"Байқалып отырған бәсеңдеу тек қатаң ақша-несие шарттары мен қарыз ресурстарының қымбаттауына ғана емес, сонымен қатар клиенттік базаның бірнеше жылғы жедел кеңеюінен кейінгі нарықтың біртіндеп қанығуына да байланысты. Нәтижесінде бұл сегмент жаңа қарыз алушылар санының артуы есебінен өсуден гөрі, сұраныс сапасы мен несиенің қолжетімділігіне көбірек тәуелді модельге ауыса бастады", - деді қаржыгерлер.
Қарыз алушылар құны 10 миллион теңгеден асатын көліктерді көбірек ала бастаған. Бұған екі фактор себеп: біріншіден, көліктер қымбаттады, екіншіден, қазақстандықтардың қымбатырақ модельдерге деген қызығушылығы артты.
Мерзімі өткен берешек төмен деңгейде"10 миллионнан асатын несиелердің үлесі 32,3 пайыздан 37,1 пайызға дейін өсті, бұл көлік бағасының өсуімен де, сұраныстың біртіндеп жоғары баға сегменттеріне қарай ойысуымен де байланысты", - деп есептейді қаржыгерлер.
Жоғары мөлшерлемелер мен көлік бағасының өсуіне қарамастан, қарыз алушылар несиелерін уақытылы төлеп келеді.
Мәселен, ҚҚҚ деректері бойынша, мерзімі өткен берешек деңгейі 2,9 пайызды құрайды және бөлшек сауда нарығындағы орташа көрсеткіштен (4,4 пайыз) едәуір төмен болып қалып отыр.
Банктер клиенттерді мұқият іріктейді, ал көлік иелерінің өздері темір тұлпарынан айырылып қалмау үшін несиені дұрыс төлеуге мүдделі.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу