Қазақстандықтар баспананы сирек сатып ала бастады: нарық қай жерде көбірек төмендеді

11.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Сату-сатып алу көрсеткіші 4,9 пайыз азайды. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) биылғы шілдені маусыммен салыстырып жариялады. Маусымда 39 053 келісім жасалса, шілдеде 37 158 шарт рәсімделген. Жылжымайтын мүлік қай қалаларда көп, қайсысында аз сатылып жатыр, нақты қандай пәтерлерге сұраныс жоғары және жеке үйлер саудасы қаншалықты сәтті жүріп жатыр? Толығырақ TengriHome материалында.

Поделиться

Тұрғын үй қай өңірлерде жиі және сирек рәсімделеді?

Мәмілелердің ең үлкен үлесі Алматыға - 19,5 пайыз, Астанаға - 18,8 пайыз және Қарағанды облысына - 7,2 пайыз тиесілі. Сату-сатып алу шарттары бәрінен аз жасалған өңір - Ұлытау облысы. Мұнда небәрі 311 келісім рәсімделген, бұл жалпы көрсеткіштің 0,8 пайызын құрайды.

"2026 жылғы маусыммен салыстырғанда, шілдеде ең жоғары өсім Шымкентте (14,2 пайыз), Батыс Қазақстан (14 пайыз) және Жамбыл (11,5 пайыз) облыстарында байқалды. Ал ең үлкен төмендеу Маңғыстау (-33,7 пайыз), Қарағанды (-28,7 пайыз) және Түркістан (-22,4 пайыз) облыстарында тіркелді", - деп нақтылады Ұлттық статистика бюросы.

Пәтерлер қалай сатылып жатыр?

Сауданың басым бөлігі пәтерлерге тиесілі, бұл барлық тіркеудің шамамен 77 пайызын құрайды. Шілдеде 28 575 пәтер сатылған. Бұл көрсеткіш маусыммен салыстырғанда 2,9 пайызға аз. Мәміле жасау бойынша Астана (24 пайыз), Алматы (23,4 пайыз) және Қарағанды облысы (7,8 пайыз) алда тұр. Айта кетерлігі, сатып алушылар арасында екі бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары. Өткен айда мұндай пәтерлер бойынша 11 056 шарт жасалған.

Жеке сектордағы сатылым көрсеткіші қандай?

Жеке үйлердің саудасы да бәсеңдеді. Шілдеде көрсеткіш 10,8 пайызға төмендеп, барлығы 8 583 мәміле жасалды. Соған қарамастан, ең жақсы көрсеткіш мына өңірлерде байқалды:

Жамбыл облысы - рәсімделген құжаттар жалпы санынан 9,9 пайыз Жетісу облысы - 7,3 пайыз Шымкент - 5,3 пайыз

Ал мұндай баспана түрінің сатылымы бойынша ең төмен көрсеткіш келесі өңірлерде тіркелді:

Маңғыстау облысы - минус 49 пайыз Ұлытау облысы - минус 47 пайыз Қарағанды облысы - минус 32,9 пайыз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы шілдені 2025 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда, мәмілелер көлемі 6,5 пайызға - 39 742-ден 37 158-ге дейін азайған. Ал 2026 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы көрсеткішті былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, мәмілелер саны 2,6 пайызға қысқарды.

Алматыда қайталама нарықтағы үйлер арзандап жатыр, ал жаңа пәтерлер бағасы қандай? Талдау

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

сату Статистика баспана Жылжымайтын мүлік пәтер Алматы Астана

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью