Қазақстандықтар eGov арқылы кремацияға келісім бере алады

13.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстандықтардың қайтыс болғаннан кейін кремациялауға келісімін алдын ала онлайн рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Енді көзі тірісіндегі еркін нотариусқа бармай-ақ, eGov порталы арқылы тіркеуге болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кремацияға келісімге қалай қол қоюға болады?

Көзі тірісінде кремациялауға еркін рәсімдеу үшін eGov порталында авторланып, "Мемлекеттік қызметтер" бөліміне өту қажет, кейін "Туу, неке және отбасы" санатын таңдап, "Кремация жасауға қатысты өмірлік ерік білдіруді тіркеу" қызметіне кіру керек.

Бұдан кейін электронды нысанды толтырып, өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қою керек. Өтінімді қарау мерзімі 15 минут.

Кейбір пайдаланушыларда "Кремация жасауға қатысты өмірлік ерік білдіруді тіркеу" қызметі eGov порталында "Туу, неке және отбасы" бөлімінде емес, "Денсаулық сақтау" бөлімінде көрсетілуі мүмкін.

Пайдаланушы қалаған уақытында бұрын рәсімделген кремациялауға келісімін кері қайтара алады.

Қазақстандағы кремация

Еске сала кетейік, 2026 жылғы сәуірде Алматыда Қазақстандағы алғашқы және жалғыз крематорий жұмысын бастады. Ол Алатау ауданындағы патологиялық-анатомиялық бюро маңында орналасқан. Оның айналасында тұрғын үйлер жоқ, тек алқап пен өндірістік аймақ орналасқан.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:39 1

Алматыдағы крематорий пешінің жұмысын көрсету. Фото: © Тengrinews.kz / Светлана Антонова

Крематорий ғимаратында сақтау камералары, секциялық зал, қоштасу залы және кремациялауға арналған екі пеш бар. Ондағы температура 1100 градусқа дейін жетеді.

Кімдерді кремациялауға болады?

Бекітілген ережеге сәйкес, Қазақстанда көзі тірісінде жазбаша еркін білдірген жағдайда кез келген адамды кремациялауға болады. Бұған дейін құжатты міндетті түрде заңды түрде куәландыру қажет болатын. Қазір бұл қызмет eGov порталында қолжетімді.

Егер өлім қылмыстық сипатта болса, мәйіт кремацияланбайды.

Кремация құны қанша?

Мәйітті өртеу қызметі 240 мың теңге тұрады. Бірақ бұл тек кремациялау құны екенін ескеру керек. Мәйітті тасымалдау, сақтау және дайындау сияқты қосымша қызметтер бөлек төленеді.

Күлді қайда сақтау керек?

Әдетте, кремациядан кейін марқұмның күлі сауытқа салынып, колумбарийге немесе зираттағы отбасылық бейітке жерленеді. Сондай-ақ күлді естелік орындарға шашу әдісі де кездеседі. Дегенмен, Қазақстанда күлді шашуға заңмен тыйым салынған.

Сондай-ақ елімізде әзірге колумбарий жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта марқұмның күлін крематорийдегі арнайы бөлмеде сақтауға, үйге алып кетуге немесе туысының зиратына жерлеуге болады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью