Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің кене инфекциясының алдын алу туралы бейнеролигі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары кеңестердің мазмұнына емес, кадрдағы бір детальға - видеодағы ер адам киіміндегі жазуға назар аударды, деп хабарлайды Tengri Life.
Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің кене инфекциясының алдын алу туралы бейнеролигі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары кеңестердің мазмұнына емес, кадрдағы бір детальға - видеодағы ер адам киіміндегі жазуға назар аударды, деп хабарлайды Tengri Life.
Қолданушылар не байқады?СЭБК жариялаған видеода ер адам кенеден қалай қорғану керектігін айтады. Аудитория бір бөлігінің назарын оның футболкасы аударды, онда "3,14" ("пи" саны) және ZDEC сөздері тіркесіп жазылған.
Кейбір қолданушылар бұл тіркесті бірге оқығанда бейәдеп сөзге ұқсас естілетінін байқаған.
Желіде мұндай жазулардың ресми контентте пайда болуы қаншалықты орынды екені туралы пікірталас туды. Сондай-ақ желі қолданушылары Қазақстанда қоғамдық орындарда былапыт сөйлегені үшін жауапкершілік қарастырылғанын да еске салды.
Кейін ролик ведомство парақшаларынан өшірілді.
Фото: видеодан кадр
Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымыДенсаулық сақтау министрлігі біздің сауалға берген жауабында бейнематериалды қосымша тексергенін хабарлады. Тексеру қорытындысы бойынша ведомство ешқандай жасырын астар таппаған.
"Роликте бейәдеп сөздер, жасырын астар, қоғамдық этика нормаларын бұзуға бағытталған арандатушылық мәлімдемелер жоқ. Бейнематериалдың негізгі және жалғыз мазмұны - кене инфекциясының алдын алу және кененің маусымдық белсенділігі кезеңінде халықты қорғану шаралары туралы ақпараттандыру", - делінген сауалға берілген жауапта.
Ал киімдегі жазу ешқандай мағына бермеген, деп түсіндірді министрлік өкілдері.
"Видеодағы адамның киіміндегі жазу назар аударатын нысан, жеке демонстрация, визуалды хабарлама немесе роликтің сценарийлік не мағыналық құрылымының бөлігі болған жоқ. Әлеуметтік желі қолданушылары келтірген пайым тек субъективті және интерпретациялық сипатқа ие. Мұндай интерпретация пайда болуы үшін кескіннің жекелеген элементтерін жасанды түрде біріктіру, оларды іріктеп оқу және роликтің мазмұнында да, оның профилактикалық мақсатында да жоқ өзге мағыналық құрылымды саналы түрде құру қажет", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі видеоны дайындау кезінде мамандар мазмұндық мәнге назар аударғанын атап өтті.
Роликтің мақсаты қандай?"Сондай-ақ бейнематериалға түскен адамның киіміндегі жазу мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі мәтін емес екенін және құрамында бейәдеп сөздер болмағанын ескеру қажет. Бейнематериалды дайындау және жариялау кезінде бейәдеп лексикамен ешқандай ассоциация байқалмады, өйткені басты назар тек кене инфекциясының алдын алу және халықтың денсаулығын қорғау мәселелеріне аударылды", - делінген жауапта.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, видео кененің маусымдық белсенділігінің артуы және мерекелер мен демалыс күндері табиғатқа шыққан адамдардан түсетін шағымдардың көбеюіне байланысты түсірілген.
"Роликтің басты және жалғыз міндеті - халыққа кене инфекциясының алдын алу шараларын ескерту: жабық киім кию және репелленттерді қолдану қажеттілігі, биік шөп пен бұталардан аулақ болу, сондай-ақ табиғатта серуендеп, демалғаннан кейін денені мұқият тексеру. Мұндай профилактикалық материалдардың практикалық маңызы бар және олар тек кене шағу арқылы берілетін инфекцияларды жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған", - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Соған қарамастан, министрлік материалды бастапқы қалпында қалдырмай, видеоны қайта түсірген.
Мұндай жазуларға жол беріле ме?"Аталған бейнематериал бойынша азаматтардан өтініш, шағым немесе пікір түскен жоқ. Керісінше, ролик кене шағуға байланысты шағымдардың маусымдық артуы кезінде дер кезінде шыққан, өзекті және көрнекі профилактикалық материал ретінде аудиторияның оң бағасын алды", - деді министрліктегілер.
Сондай-ақ біз мемлекеттік органдардың ақпараттық материалдарында мұндай визуалды қолдануға жол берілетін-берілмейтінін білдік.
"Мемлекеттік органдар ақпараттық материалдарды дайындау кезінде кәсіби этика мен қоғамдық жауапкершілік принциптерін басшылыққа алады. Ведомство мұндай визуалды шешімдерді қолдануды орынды деп санамайды. Қарастырылып отырған жағдайда бейәдеп лексиканы немесе жол берілмейтін визуалды элементтерді әдейі қолдану туралы сөз болып отырған жоқ. Қатысушының киіміндегі жазу ресми хабарламаның бөлігі болмаған, мақсатты түрде қолданылмаған және аудиторияның назарын аудару міндетін көздемеген, сондай-ақ дербес мағыналық жүктемесі де болмаған", - деп жауап берді ведомство.
Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі "тәжірибені ескере отырып, мұндай жағдайларды барынша азайту үшін дайындау және жариялау кезеңдерінде контенттің визуалды бөлігіне бақылауды күшейтетініне" уәде берді.
Тағы оқыңыз: Қоқысты ЖИ-мен “тазартқан“ ба? Алматы тұрғынын әкімдіктің есебі таңғалдырды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу