Қазақстандықтар Наурыз мейрамында неше күн демалады

17.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Биыл 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбі күндеріне дөп түсті. Осыған байланысты демалыс күндері келесі аптаға ауыстырылады.

бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан 5 күн демалады: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі); ал алты күндік жұмыс аптасында – 4 күн қатарынан демалыс: 21, 22, 23 және 24 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).

Айта кетейік, Астанада Наурыз мерекесіне орай 200-ден астам іс-шара өтеді.

Ал мереке қарсаңында қосымша пойыздар қатынаса, әуе компаниялар 160 қосымша рейс орындайтыны хабарланды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью