Қазақстандықтар несиесіз қалды: Бөліп төлеумен дүние мүлікті жаңарту да қиынға түсті

24.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Биыл Наурыз мерекесінде банктер қазақстандықтың басым көпшілігі несие беруден бас тартқан. Тіпті, тұрмыстық техника мен түрлі сыйлықтарды бөліп төлеуге де берілмеген. Оның себебін мамандар несие беру талаптарының қатаңдатылғанын ескертеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл өзгерістер туралы қаржы шолушысы Айбар Олжаев Digital Business басылымына берген сұхбатында айтып берді. 

Оның сөзінше 19 наурыздан бастап банктер қарыз алушының табысының қанша бөлігі берешекті өтеуге кететінін әлдеқайда қатаң есептеуге міндеттелген.

– Тұтынушылық несие бойынша қатаңдатуы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Мысалы былтырдан бері 90 күннен асқан проблемалық мерзімі өткен қарызы барларға несие беруге тыйым салынған. Сондай-ақ қарыз жүктемесінің коэффициенті 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендетіліді. Бұл қаржылық проблемалары бар адамдардың несиелеу жүйесінен шығып қалуына әкелді», - деді сарапшы Айбар Олжаев.

Сарапшы несиелеу бойынша өзгерістің мұнымен шектелмегенін жеткізді. Бұрын төлемнің 3 айға, яғни 90 күнге кешіктірілуі қиын жағдай деп санап, бақылауға алса, қазір банктер тіпті қысқа мерзімді тәртіп бұзушылықтарды қатаң тексеріске алған. Оның үстіне, несиелік бюролардың цифрлық ашықтығы өткен қателікті жасыруға ешқандай мүмкіндік қалдырмайды.

«Жаңа ережелер 30 күннен асатын кешіктірулерге де қолданылады. Оған қоса, оны бақылау өте оңай, бүкіл  ақпарат Мемлекеттік несие бюросы мен Бірінші несие бюросынан тікелей түседі. Тұтынушылық несие нарығын реттеу қазір өте қатаң, барлық негізгі өзгерістер енгізілді. Ал оның нарыққа қаншалықты әсер еткенін кейін статистикадан көре аламыз. Дегенмен несиелеу қарқынының бәсеңдеу қазірдің өзінде байқалып отыр», - деді Айбар Олжаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі банктердің несие беруі өзгергені жайлы жазған болатынбыз.  

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью