Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстандықтар қыста паспорт рәсімдеп, жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік органдарға жиі жүгінетіні белгілі болды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы хабарлады.
"Қыс мезгілінде азаматтар ең жиі паспорт рәсімдеу, жүргізуші куәлігін алу және жылжымайтын мүлікке қатысты тіркеу қызметтеріне жүгінген", - деп жазылған хабарламада.
Қыс айларында ең көп сұранысқа ие қызметтер:
Паспорттар мен жеке куәліктерді беру – 500 мыңнан астам,
Көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмір белгілерін беру – 400 мыңнан астам,
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу – 250 мыңнан астам,
Жүргізуші куәліктерін беру – шамамен 124 мың,
Кадастрлық паспорт беру – 71 мыңнан астам.