Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Оның айтуынша, жұмыс берушілер үшін үміткердің бұрынғы жұмыс орындарындағы нақты нәтиже мен тәжірибесі аса маңызды. Сондай-ақ талапқа толық сәйкес келмесе де, негізгі дағдылары бар мамандарға басымдық беріледі.
— Түйіндемеде бұрынғы орындардағы жұмыс нәтижесі маңызды. Дағдысы 80 пайызға сәйкес келіп тұрса, HR соған басымдық береді. Сонымен қатар иеленген сертификаттарды қосу қажет, — дейді Наргиз Таңырқаева.
Маман түйіндемеде кәсіби тәжірибе ғана емес, жеке қасиеттер де назарға алынатынын атап өтті, яғни, қазіргі еңбек нарығында hard skills пен soft skills қатар бағаланады.
Фото: Видеодан скрин— Түйіндемеде жеке болмыстары есепке алынады. Стресске төзімділік те рөл ойнайды, — дейді спикер.
HR маманының сөзінше, жұмысқа қабылдау талаптары әр салада әртүрлі болады. Сондықтан үміткер құжаттарын таңдалған бағытқа қарай бейімдегені жөн.
— Мәселен, сату мамандарының жеке қабілетіне қарайды. Басшылық рөлдерде адамдармен коммуникация алға шығады, — дейді ол.
Сонымен қатар түйіндеменің көлемі мен құрылымы да ерекше мәнге ие. Ұзақ әрі ретсіз жазылған ақпарат жұмыс берушінің назарын тез жоғалтуы мүмкін.
— Ең ұзақ түйіндеме жолды кеседі. 5-6 бет жазатындар бар. Бірақ ол 1-2 бет көлемінде болғаны дұрыс. Бастысы, құрылымы маңызды, — дейді маман.
Оның айтуынша, тек түйіндемемен шектелмей, оны қосымша мотивациялық хатпен толықтырған дұрыс.
— Cover letter керек. Мысалы, түйіндемемен хат қатар жүреді. Оның ішінде қандай жоспары бар, компанияны дамытуға қандай үлес қоса алады барлығы қамтылады. Осындай хат толтырғандар көбіне жұмысқа тез орналасып кетеді, — деді спикер.
Сондай-ақ ол студенттер мен еңбек жолын енді бастап жатқан жастарға тәжірибесін көрсетуге кеңес берді. Себебі жұмыс тәжірибесі аз болса да, оқу кезіндегі белсенділік пен нақты дағдылар жұмыс беруші үшін маңызды болуы мүмкін.
— Практикалық жұмыстарындағы көрсеткіштерін, дағдыларын ашып жазу керек, — деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда VR-технология арқылы жұмыссыздарды еңбек нарығына дайындау жоспарланып отыр.