Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы осы уақытқа дейін дауыс берген азаматардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 471 378 адам дауыс берді.
"Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93%-ды құрады. "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады", - деді комиссия мүшесі Шавхат Өтемісов арнайы брифингте.
Дауыс беру көрсеткіші бойынша Ақтөбе облысы (61,37%) мен Абай облысы (61,04%) көш бастап тұр. Ең аз көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі - 21,68%.
Айта кетері, дауыс беретіндердің тізімінде 12 461 796 адам бар.