Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
"Таза парақ" бастамасы аясында қазақстандықтардың 9,3 миллиард теңге көлеміндегі айыппұлдары мен өсімпұлдары есептен шығарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Вице-министрдің айтуынша, бұл шара 19 мың шағын және микробизнес субъектісін қамтыды.
"Таза парақ" бастамасы аясында 19 мың шағын және микробизнес субъектісінің 9,3 миллиард теңге сомасындағы өсімпұлдары мен айыппұлдары жойылды", - деді Біржанов.
Ол есепті кезеңде "Халықтық бухгалтер" акциясы өткізілгенін, соның арқасында 61 мыңнан астам салық төлеуші кеңес алғанын айтты.
Бұдан бөлек, биыл алты айда бұрын тіркеу есебінде тұрмаған 546 мыңға жуық жеке тұлға заңдастырылды.
Біржановтың айтуынша, нәтижесінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды есепке алғанда бизнес субъектілерінің саны 2,9 миллионға жеткен. ҚҚС төлеушілер саны 22,3 мыңға артып, 158,2 мыңды құрады.
Вице-министр бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша салық түсімдері 8,3 триллион теңгені немесе жоспардың 100,3 пайызын құрағанын хабарлады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 пайыздан астамға немесе 1,9 триллион теңгеге көп.
Қазақстандағы салық реформасы2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Негізгі өзгерістердің бірі - ҚҚС мөлшерлемесін 12-ден 16 пайызға дейін көтеру, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету және бірқатар салық жеңілдіктерін қайта қарау болды. Үкімет бұл шаралар бюджетке түсетін салық түсімдерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді деп есептейді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу