​Қазақстандықтардың алаяқтарға берген 26 млн теңгесі кері қайтарылды

12.05.2026

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Көрнекі сурет. Canva

Астанада интернет-алаяқтықты қоса алғанда, ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған "Anti-fraud" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара нәтижесінде полиция қызметкерлері кибералаяқтыққа қатысы бар 48 адамды анықтап, жауапкершілікке тартты. Олардың ішінде 4 шетел азаматы бар. Жалпы алғанда 200-ге жуық қылмыстық іс тіркелді. Жәбірленушілерге 26 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Сонымен қатар SIM-карталарды заңсыз тіркеумен айналысқан 4 тұлға ұсталды. Олардан қылмыстық схемаларда пайдаланылуы мүмкін 400-ден астам SIM-карта тәркіленді.

Бұдан бөлек, 4 мыңнан астам алаяқтық сипаттағы интернет-ресурс бұғатталды. Дропперлерге қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды. Антифрод-орталықпен бірлескен жұмыс нәтижесінде заңсыз әрекеттерге пайдаланылған 3 мыңнан астам банк шоты бұғатталды.

Іс-шара барысында алаяқтардың азаматтардың атына 12 млн теңге көлемінде несие рәсімдеу әрекеттерінің жолы кесілді.

Бүгін, 17:37

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью