Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі бүгінде 23 трлн теңгеге жетті. Әсіресе тұтынушылық несиенің үлесі 25%-ға ұлғайған. Көрсеткіш автокредит есебінен артқан көрінеді. Бұл туралы мәжіліс отырысы кезінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
Бүгін төменгі палатада банктер және банк қызметі туралы заң жобасының алғашқы оқылымы өтті. Жаңа заңда екінші деңгейлі банктер қызметін реттеу, цифрлық активтерді басқару, халықтың берешегін азайтудың тетіктері қарастырылған. Мәселен, банктердегі жосықсыз тәжірибенің жолын кесу мақсатында жауапты бөлімше құрылатын болады. Бұдан бөлек, жаңа заңда қаржылық амбудсман институтын енгізу ұсынылған. Бұл мекеме берешегі бар азаматтардың өтініштерін қарау тиімділігін арттырмақ.