Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлері Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинау және таратумен айналысты деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлері Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинау және таратумен айналысты деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматыда ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинау және таратуға күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті.
Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты Интернет желісінде сатып келген.
"Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді
31 наурыз 16:22 1
Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді
30 наурыз 15:27 1
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу