Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстан СІМ визалық, көші-қон, транзиттік және кедендік ережелерді білмеуі немесе сақтамауы салдарынан қазақстандықтардың шетелде қиын жағдайға тап болу оқиғаларының жиілегенін мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев хабарлады, деп жазады Tengri Travel.
Қазақстан СІМ визалық, көші-қон, транзиттік және кедендік ережелерді білмеуі немесе сақтамауы салдарынан қазақстандықтардың шетелде қиын жағдайға тап болу оқиғаларының жиілегенін мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев хабарлады, деп жазады Tengri Travel.
Ерлан Жетібаевтың айтуынша, соңғы уақытта Қазақстан азаматтарының шет мемлекеттердің ережелерін білмегендіктен шетелде мәселелерге тап болу жағдайларының өсуі тіркелген.
"Бұл ретте қажетті визалар мен құжаттардың болмауына байланысты рейске отырғызудан бас тарту, болу мерзімін бұзу, тыйым салынған немесе декларацияланбаған тауарларды өткізу әрекеттері, сондай-ақ транзит және шет мемлекеттерде болу ережелерін сақтамау жағдайлары туралы сөз болып отыр", - деді СІМ ресми өкілі.
Осыған байланысты министрлік қазақстандықтарды шетелге шығар алдында баратын елдің, сондай-ақ транзиттік елдердің заңнамасын алдын ала зерделеуге шақырды.
"Паспорттардың, визалардың, тұруға рұқсаттардың және басқа да құжаттардың қолданылу мерзіміне ерекше назар аудару қажет", - деп атап өтті Жетібаев.
СІМ медициналық сақтандыруды алдын ала рәсімдеуге, әуе билеттерін тек ресми сервистер арқылы сатып алуға, әуе компаниялардың жүк пен транзитке қатысты талаптарын сақтауға кеңес береді.
Ведомство азаматтарға өз құжаттарын үшінші тұлғаларға бермеуді және ішінде не бары нақты белгісіз болса, біреудің сөмкесін, сәлемдемесін және басқа да заттарын тасымалдауға алмауды ескертті.
Шетелге жұмысқа, оқуға немесе емделуге баратын қазақстандықтар барлық құжаттардың - шақыру қағаздарының, еңбек келісімшарттарының, рұқсаттар мен басқа да қағаздардың заңдылығына алдын ала көз жеткізуі тиіс.
"Қазақстанның дипломатиялық және консулдық мекемелері азаматтарға өз құзыреті шеңберінде қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді. Сонымен қатар баратын елдің заңнамасын сақтау және белгіленген талаптарды орындау үшін жауапкершілік тікелей шетелге шығатын азаматтың өзіне жүктеледі", - деді Жетібаев.
СІМ қазақстандықтарды шетелге сапарларды жоспарлауға жауапкершілікпен қарауға және шет мемлекеттердің заңдарын қатаң сақтауға шақырды.
Мән-жайыБұған дейін Ресейге кіру кезіндегі жаңа цифрлық талаптар туралы жазған болатынбыз. Шетелдіктерге, соның ішінде Қазақстан азаматтарына, ruID қосымшасында алдын ала тіркеліп, кіру туралы электронды өтініш беру қажет - бұл сапарға дейін 72 сағаттан кешіктірілмей және 90 күннен ерте емес жасалуы тиіс.
Сондай-ақ Шенген аймағы елдерінде паспорттағы мөрді алмастыратын EES автоматтандырылған кіру және шығу жүйесі іске қосылған болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу