Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астанада қаржы пирамидасын құрып, қазақстандықтардың атына автокредит рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты, деп хабарлайды Tengri Auto Астана прокуратурасына сілтеме жасап.
Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық схема қатысушылар арасында нақты бөлінген. Топ құрамында оннан астам адам болып, әрқайсысы өз кезеңіне жауап берген.
Адамдарға өз атына автокредит рәсімдегені үшін 1-ден 2 миллион теңгеге дейін сыйақы уәде етілген. Бұл ретте ұйымдастырушылар ай сайынғы төлемді өздері өтейтініне сендірген.
Көліктерді алғаннан кейін схемаға қатысушылар оларды қайта сатып жіберген, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерге де шығарған.
Схеманың құрбаны 100-ден астам адам болды. Олардың атына барлығы 165 автокөлік рәсімделген.
Іс нәтижесі бойынша сот схемаға қатысушыларды ұйымдасқан қылмыстық топ құру, қаржы пирамидасын ұйымдастыру және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 5-тен 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Тағы оқыңыз: “Салонда тұрған клиенттердің көлігін сатқан“: Таразда менеджер 334 миллион теңгені қолды қылды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу