Қазақстандықтарға электр желісіне қосылу рұқсатын ЖИ беруі мүмкін

28.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

– Қазір техникалық шарттарды беру процесі «АЖК» АҚ техникалық персоналы тарапынан жүзеге асырылады. Бұл ретте адам факторы басымдық танытып, түрлі қателіктер болуы мүмкін. Соның салдарынан түпкі тұтынушының электр жүйесіне қосылуы қымбаттауы мүмкін. Жасанды интеллект енгізу техникалық шарттарды тұтынушыға барынша оңтайлы схемамен беріп, адам факторын толығымен жоюға мүмкіндік береді, - деді компания басшысы.

Соның арқасында техникалық шарттарды әзірлеу мен беру мерзімінің қысқарып, желіге қосылудың ең оңтайлы нүктесін анықтау жеңілдемек.

Сондай-ақ ол елде орнатылатын 4 млн «ақылды есептегіш» 57 млрд теңгені үнемдейтінін мәлім етті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью