Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтарға электрондық цифрлық қолтаңбаларға (ЭЦҚ) қатысты жаңа алаяқтық туралы ескертілді.
Алаяқтар өздерін Ұлттық куәландыру орталығының (ҰКО) қызметкерлері ретінде таныстырып, пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңбасының жарамдылық мерзімінің аяқталуы туралы хабарлап, оны телефон арқылы жаңартуды ұсынуы мүмкін.
Олар сондай-ақ SMS-тен код немесе сілтеме арқылы өтуді сұрайды.
Қазақстандықтарға орталық қызметкерлері пайдаланушыларға қоңырау шалмайтыны ескертілді. Цифрлық қолтаңбаның жарамдылық мерзімі туралы хабарламалар SMS және электрондық пошта арқылы жіберіледі.