Қазақстандықтарға қосымша өмір бойына берілетін зейнетақы қолжетімді Еңбекминінен мәліметтер

15.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Миллиондаған қазақстандық өмір бойы қосымша зейнетақы төлемін ала алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Миллиондаған қазақстандық өмір бойы қосымша зейнетақы төлемін ала алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) қызметкерлердің болашақтағы әлеуметтік қорғалуын күшейтетін маңызды тетікке айналды. Оның басты ерекшелігі – болашақ зейнетақы жинақтары қызметкердің ағымдағы жалақысын азайтпай, толықтай жұмыс беруші тарапынан бағытталуында.

"Бұл норма әрбір жұмыс істейтін қазақстандық, әсіресе жас буынның сенімді "қаржылық қорының" болуы үшін енгізілген. Енді азаматтардың болашақ зейнетақысы үш көзден: мемлекеттік базалық төлем, БЖЗҚ-дағы жеке жинақтар және жұмыс берушіден келетін қосымша "шартты-жинақтаушы" бөліктен құралады, - деп түсіндірді министрліктегілер.

Мұндай тәсіл жұмыскерлерге қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы алу мүмкіндігін береді. Бұл әсіресе, 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған азаматтар үшін маңызды, себебі олардың зейнетақы капиталы аударымдардың тұрақтылығына және жүйеге қатысуына тікелей байланысты.

"2026 жылы мұндай жарналардың мөлшерлемесі жұмыскер табысының 3,5 пайызы шамасында болады. Жүйе кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр: 2028 жылға қарай ол 5 пайыз мақсатты көрсеткішке жетеді", - делінген Еңбекмині хабарламасында.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, аталған тетік тиімділігі биылғы жылдың өзінде байқалып отыр. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,8 млн қызметкерді қосымша зейнетақы құқығымен қамтамасыз етті. Жыл басынан бері азаматтардың шоттарына 951 млрд теңге аударылды.

Бұл ретте мемлекет бизнес мүддесін де ескерді. Салық кодексіне сәйкес, жұмыс берушілердің ЖМЗЖ төлеуге жұмсаған шығындары корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі. Бұл жұмыс берушілерді ашық әлеуметтік саясат жүргізуге және өз қызметкерлерінің болашағына жауапкершілікпен қарауға ынталандырады.

Еңбекмині сайтынан скриншот

Бұған дейін сенатор Амангелді Нұғманов Қазақстанның қолданыстағы зейнетақы жүйесін қайта қарауды ұсынған болатын. Атап айтқанда, зейнетақы негізінен жас шамасына байланысты тағайындалатын жүйеден кезең-кезеңімен бас тартып, еңбек өтіліне негізделген модельге көшу туралы ұсыныс айтылды. Толығырақ материалдан оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью