Қазақстандықтарға ҚР Жол полициясы департаментінен келген SMS туралы ескертілді

25.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстандықтарға "ҚР Жол полициясы департаменті" деген тақырыппен төленбеген әкімшілік айыппұлдар туралы келетін күдікті SMS-хабарламалардың жиілеп кеткені ескертілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облысының ПД-не сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға "ҚР Жол полициясы департаменті" деген тақырыппен төленбеген әкімшілік айыппұлдар туралы келетін күдікті SMS-хабарламалардың жиілеп кеткені ескертілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облысының ПД-не сілтеме жасап.

"Өңір тұрғындарына "ҚР Жол полициясы департаменті" атынан айыппұлдар туралы күдікті SMS-тер жиі келе бастады. Бұл - күмәнді сілтемелер арқылы ақшаңыз бен жеке деректеріңізді қолды етуді көздейтін алаяқтардың айласы", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты полиция өңір тұрғындарын барынша сақ болуға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тек мемлекеттік сервистер арқылы тексеруге болады:

qamqor.gov.kz eGov.kz сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларынан.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қарағанды полициясының (@policeofkaraganda) жарияланымы

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ қазақстандықтар мен ата-аналарға мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттардың алаяқтық схемаларға пайдаланылу жағдайлары туралы ескерту жасады. Ведомство мәліметінше, жасөспірімдер сыйақы үшін сим-карталар мен аккаунттар тіркейді, кейін оларды қаскөйлер азаматтарды алдау үшін пайдаланады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью