Қазақстандықтарға трендтегі шампанмен түсірілген видеолар үшін айыппұл салынатыны ескертілді

01.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астана полицейлері қоғамдық орындарда шампанмен трендтегі видео түсірген қазақстандықтар айыппұл арқалауы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана полицейлері қоғамдық орындарда шампанмен трендтегі видео түсірген қазақстандықтар айыппұл арқалауы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде қыздар көшеде шампан атып, эстетикалық видеолар түсіріп жүргені байқалады. Бұл тренд екі жыл бұрын пайда болды, алайда қазақстандықтар енді түсіре бастады.

Сонымен қатар, полиция қолданушылар лайк қуамын деп жаңа оқырмандар ғана емес, айыппұл да арқалау мүмкін екенін ескертеді.

"Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерге контент түсіремін деген азаматтардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын елемей, заң бұзу деректері жиілеп кетті", — деп хабарлады елордалық ПД.

Полиция мұндай видео түсірген екі астаналық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

"Бірі "Бәйтерек" монументінің қасында ішімдік бөтелкесін ашып, ішіндегісін шашыратып, аумақты ластаған. Тағы бір жағдайда бойжеткен қоғамдық орынның тазалығын бұзып, сусынды әдейі төккен. Екі дерек бойынша да құқықбұзушылар ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жолданды", — деп хабарлады елордалық ПД қызметкерлері.

Ведомство мұндай әрекеттер заңбұзушылық қана емес, сонымен қатар, айналадағыларға және коммуналдық қызметкерлердің еңбегіне құрметсіздік таныту екенін де баса айтты.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады

02 сәуір 14:44 1

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью