Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар қайта есептеу нәтижесінде жылу ақысы үшін жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеден асатын қаражатты қайтарып алады.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады.
"2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілері жылу энергиясы үшін төлемді жалпы сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда 1 217,02 млн теңгеге қайта есептеді", - делінген хабарламада.
Айтуларынша, тиісті сома тұтынушының дербес шотында аванс түрінде жеке жолмен көрсетіледі.
© Photo : Табиғи монополияларды реттеу комитетіҚазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңгеге қайта есептеу жүргізілді
Қазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңгеге қайта есептеу жүргізілді
© Photo : Табиғи монополияларды реттеу комитеті
Қарағанды, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу қарастырылмаған, себебі жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.
Астана қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін төлем сыртқы ауаның нақты температурасына қарай маусым бойы ай сайын түзетіліп отырды, дейді комитет.
Ал 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1 554,7 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілген.