Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Қазақстанға негізінен ақшалай нысанда 1,1 трлн теңгеден астам актив қайтарылды, деп хабарлады үкімет.
Қайтарылған активтер Арнаулы мемлекеттік қор арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалып жатыр.
"Бүгінде еліміздің барлық өңірінде жалпы құны 617,7 млрд теңгеден асатын 500-ден астам жобаны қаржыландыру мақұлданды", - деп жазылған хабарламада.
Қаражат өңірлерде әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды дамытуға, сол арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға жұмсалады.