Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
"Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек еліміздің батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жауады деп болжанған. Сондай-ақ 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі", - деді синоптиктер.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады.
Температура көрсеткіштері қандай болмақ?Ауа температурасының көтерілуі күтіледі:
күндіз батыста және солтүстік-батыста — +15…+25-ке дейін; солтүстікте және шығыста — +10…+17-ге дейін; орталықта — +13…+24-ке дейін; оңтүстікте — +21…+30-ға дейін; оңтүстік-шығыста — +18…+27-ге дейін; таулы аймақтарда — +10…+15-ке дейін.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться