Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
ҚР Ұлттық экономика вице‑министрі Арман Қасеновтің айтуынша, Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар құрылымы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерді.
Бұрынғыдай тек мұнай‑газ және тау‑кен өндірісіне емес, экономиканың әртараптандырылған салаларына да қаржы тартылып отыр.
Негізгі көрсеткіштер (2025 жыл):
Көтерме және бөлшек сауда – 4,8 млрд АҚШ доллары Өңдеу өнеркәсібі – 4,4 млрд АҚШ доллары Қаржы және сақтандыру қызметі – 4,3 млрд АҚШ доллары Ақпарат және байланыс – 1,4 млрд АҚШ доллары Көлік және қоймалау – 977 млн АҚШ долларыІрі инвестор елдер:
Нидерланд Ресей ҚытайАрман Қасенов атап өткендей, 2010 жылы ЖІӨ құрылымындағы мұнай өндіру үлесі 16,5% болса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 8,1%‑ға дейін төмендеген. Бұл үрдіс инвестиция саласында да байқалып отыр: инвесторлар Қазақстандағы жаңа бағыттарға белсенді қызығушылық таныта бастады.
Жаңа тренд Қазақстан экономикасының әртараптандырылуына және ұзақ мерзімді тұрақтылығына ықпал етпек.
Бүгін, 15:19