Қазақстанға Пржевальский жылқыларының екінші тобы жеткізілді

06.06.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні Қазақстанға Пржевальский жылқыларының екінші тобы жеткізілді, деп хабарлады экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Пржевальский жылқыларының екінші тобы Қазақстанға Германияның "Тирпарк Берлин" хайуанаттар бағынан жеткізілді.

"Жануарлар Қостанай қаласының халықаралық әуежайына арнайы әуе рейсімен жеткізілді. Қажетті ветеринариялық процедуралардан өткеннен кейін жылқылар арнайы көлікпен "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының Реинтродукция орталығына жіберілді. Онда олар мамандардың бақылауымен бейімделу кезеңінен өтеді", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, жобаның ағымдағы кезеңі аясында жылқылардың алғашқы тобы Қазақстанға Чехия Республикасынан 2026 жылғы 1 маусымда келген болатын.

Жалпы Қазақстан мен Прага хайуанаттар бағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 2029 жылға дейін елге 40 Пржевальский жылқысын әкелу жоспарланып отыр. 2024 және 2025 жылдары "Алтын Дала" резерватына жануарлардың алғашқы топтары келіп үлгерді, ал ағымдағы жылдың мамыр айында бұған дейін әкелінген жылқылырдың бір бөлігі алғаш рет жабайы табиғатқа жіберілді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью