Қазақстанға Ресей премьер министрі Михаил Мишустин келеді

25.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. 25-27 наурызда Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлады РФ үкіметінің баспасөз қызметі.

"Ресей-Қазақстан үкіметінің келіссөздері барысында энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға ерекше назар аударылады", - делінген хабарламада.

Мишустин сондай-ақ 26-27 наурызда Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады. Сапар барысында премьер-министр Digital Qazaqstan 2026 форумында сөз сөйлейді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью