Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр.
"Күнбағыс майы, ұн, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сиыр және қой еті бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 100%-дан асады. Сүт пен жұмыртқаға деген ішкі сұраныс та толықтай дерлік қамтамасыз етілген", – деді Арман Шаққалиев.
Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар секторында бес айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты 12%-ға артып, 10 млрд доллардан асты.
"Импорт 4,4%-ға немесе 0,9 млрд долларға өсті. Қазақстанның ішкі нарығы отандық өндірушілер үшін сұраныстың негізгі көзі болып қала береді", – деп толықтырды министр.
Бұған дейін еліміздегі аса маңызды импорт үлесінің төмендегені хабарланған болатын.