Қазақстанға Таяу Шығыс елдерінен босқындарды қабылдау туралы өтініш түскен жоқ СІМ

04.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде тараған «Қазақстан Таяу Шығыс өңіріндегі елдерден босқындарды қабылдауға дайын» деген ақпарат жалған.

— Ең алдымен, өңір мемлекеттері немесе халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанға босқындарды қабылдау мәселесі бойынша ешқандай ресми өтініш түспегенін айту керек. Әңгіме Қазақстанда босқындарды қабылдауға қатысты хаттаманың болуы жөнінде еді, оларды орналастыру жоспары туралы мәлімдемелер жасалған жоқ. Сондай-ақ бұл мәселе бойынша қандай да бір шешімдер қабылданған жоқ, - деді ол.

Ресми өкіл Қазақстанның босқындар туралы халықаралық конвенцияның қатысушысы екенін, сондықтан елде тиісті рәсімдер мен іс-қимыл алгоритмдері қарастырылғанын атап өтті.

— Айтылған сөздерді басқа қырынан тәпсірлеу дұрыс емес. БАҚ өкілдерін, әсіресе сезімтал мәселелер бойынша ақпарат таратқанда, жауапкершілік танытуға шақырамыз. Бұрмаланған немесе контекстен жұлып алынған ақпарат қоғамда негізсіз резонанс тудырып, мемлекеттің ұстанымы туралы жаңсақ түсінік қалыптастыруы мүмкін, - дейді Е.Жетібаев.

Сонымен бірге, министрлік өкілі мұндай мәселелер бойынша кез келген шешім ықтимал босқындар қай елдің азаматы болса, сол елдің ұстанымын ескере отырып қабылданатынын айтты.

Еске сала кетейік, бүгінгі күнге дейін шиеленіс аймақтарынан 946 азамат аман-есен шығарылды. Оман астанасы Маскат қаласынан Алматыға 314 қазақстандық мінген рейс ұшып келді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью